Мишустин Қазақстанға келеді

Самал Асқар 25 нау. 2026 14:02

Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин 25–27 наурыз аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Dala News.

Сапар барысында Астанада өтетін келіссөздерде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Тараптар энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік инфрақұрылымы салаларындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударады.

Сонымен қатар Мишустин 26–27 наурызда Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.

Сапар аясында ол Digital Qazaqstan 2026 форумында сөз сөйлейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove