Нұрлыбек Асылбеков Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі болды

Нұрлыбек Асылбеков Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі болды
UKIMET

Нұрлыбек Асылбеков Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалын, М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Фармация» РПП-де провизор-технолог болып бастаған. Кейін осы мекемеде директордың орынбасары, сондай-ақ «Фармация» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудандық филиалында бас маман және директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2000–2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бас маман болған.

2002–2012 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларындағы басқармалары мен департаменттерін басқарған.

2012–2015 жылдары Премьер-министр Кеңсесінде бас сарапшы, 2015–2017 жылдары Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болған.

2017–2022 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды. 2022–2025 жылдары Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

2025 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған.