Қазақстандық БАҚ-қа қысым ба? «Уральская неделя» аккаунты тағы бұғатталды

Қазақстандық БАҚ-қа қысым ба? «Уральская неделя» аккаунты тағы бұғатталды
pixabay.com

Instagram әлеуметтік желісі қазақстандық «Уральская неделя» басылымының ресми аккаунтын бұғаттады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған платформаның зияткерлік меншік құқықтарын сақтау жөніндегі талаптары бұзылды деген айыптау себеп болған.  Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бұл «Уральская неделя» әлеуметтік желідегі парақшаларының бұғатталуына қатысты алғашқы жағдай емес.

Бұған дейін белгісіз пайдаланушының шағымынан кейін басылымның Instagram желісіндегі екі парақшасы бұғатталған.

Соңғы айларда Қазақстанның бірқатар журналистері, бұқаралық ақпарат құралдары мен құқық қорғау ұйымдары да әлеуметтік желілердегі аккаунттарының бұғатталғаны туралы хабарлап жүр.