Қазақстан "Достық" мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалын қайта бастау үшін Ресейге ресми сауал жолдады. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрдің айтуынша, мұнай тасымалдауға техникалық мүмкіндік бар. Алайда жеткізілім нақты қашан қайта басталатыны әзірге белгісіз.
Министр Қазақстанда мұнай өндіру көлемі әзірге жоспарға сай екенін де айтты. Биыл елде 96 миллион тонна мұнай өндіру көзделген.
Ал 2027 жылға арналған көрсеткіш әлі нақтыланып жатыр. Ерлан Ақкенженовтің болжамынша, келесі жылы мұнай өндіру көлемі шамамен 99 миллион тоннаға дейін артуы мүмкін.