Нұрлан Байбазаров Қазақстан Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dala News.
Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойған.
«Байбазаров Нұрлан Серікұлы Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
