Атырауда сауда ойын-сауық орталығында жасөспірім жарақат алды

Самал Асқар 25 нау. 2026 13:16

Атырауда сауда ойын-сауық орталығында 14 жастағы жасөспірім биіктіктен секіріп, жарақат алды, деп хабарлайды Dala News.

Полиция мәліметінше, жасөспірім ата-анасының қарауынсыз жүріп, қауіпсіздік талаптарын бұзған.

«14 жастағы жасөспірім қауіпсіздік талаптарын сақтамай, биіктіктен секіріп, жеңіл жарақат алған», – деп хабарлады департамент.

Ол медициналық тексерістен кейін ата-анасына тапсырылған.

Ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ құзырлы органдарға нысандағы қауіпсіздік шараларын тексеру туралы нұсқама берілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove