Кәсіподақ ұйымдары Ұжымдық еңбек шарты арқылы жұмысшылардың мүддесін қорғайды

Қуаныш Ермекова 27 қыр. 2024 13:56 2697

Кәсіподақ ұйымының негізгі қызметі – жұмыс берушімен қарым-қатынаста жұмысшылардың мүдделерін білдіру. Еңбек жағдайлары, жалақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктерді реттеу. Тәуелсіз, нағыз кәсіподақ ұйымы қызметкердің мүдделерін қорғауға тырысады. Жалақыны көтеру, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыс беруші жіберген бұзушылықтарды жою үшін жұмыс істейді.

Осы ретте жұмысшыға кәсіподақ ұйымы не үшін керек деген сұрақ қоятын болсақ, жұмыс берушінің ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болу үшін, ешқашан бейберекетсіздік жасауға мүмкіндігі болмауы үшін, қалыпты жұмыс жағдайларына қол жеткізу үшін, өз мүдделерін қалдыру үшін, қолдау мен қорғаудың болуы үшін. Мұның бәрін тек тәуелсіз кәсіподақ жасай алады, ол жұмысшыны қорғауды біледі және мұндай кәсіподақтың күші ақшада немесе лауазымдарда емес, жұмысшыда.

Бүгінде Қазақстанда үш республикалық кәсіподақ бірлестігі жұмыс істейді:

ҚР Кәсіподақтар федерациясы;

Қазақстан Еңбек конфедерациясы;

«Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы.

Мұның ішінде, ҚР Кәсіподақтар федерациясы екі миллионнан астам кәсіподақ мүшелері бар 160-қа жуық ел мен аймақтан 330-дан астам ұлттық кәсіподақ орталығын біріктіреді. Федерация кәсіподақ мүшелерінің мүддесі үшін әртүрлі қоғамдық-саяси жағдайларда көп жылдық тәжірибесі бар азаматтық қоғамның маңызды құрамдас бөлігі.

Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарының жаңа нарықтық жағдайларына барабар жаңа нысаны мен мәні біртіндеп қалыптасты. Бүгінде қазақстандық кәсіподақ жаппай қоғамдық бірлестікке жатады, ол миллионнан астам жұмысшыны біріктіреді.

Қазіргі кәсіподақ ұйымдарының қоғамдық ұйым ретіндегі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының еңбекшілерді қорғау әдістері мен тәсілдері Еңбек кодексінде және «Кәсіподақтар туралы» Заңда айқындалған.

Ұжымдық шарт еңбек құқықтарын қорғаудың тиімді нысаны және нарық жағдайында жұмыс берушілерге әсер етудің нақты нысаны болды, ол арқылы жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігі жүзеге асырылады. Бүгінде кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейтін жерлерде олардың атынан жұмыс берушілермен ұжымдық шарттар жасалып, іске асырылып жатыр.

Кәсіподақ белсенді болған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерді ұжымдық шартқа сәйкес санаторийлерде емделуге және балалар демалыс лагерлеріне толығымен өз есебінен немесе айтарлықтай материалдық көмекпен жібереді. Ал бізде кәсіподақ ұйымдары қаражат пен күш жинап, бұл жауапкершілікті өз мойынларына алып отыр. Бұл Кеңес Одағы кезінде ресми сипатта болған ұжымдық шарт, ол бүгінде жұмыс берушілерді қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, оларды жақсартуға және қызметкердің құқықтарын бұзбауға мәжбүр етеді. Егер қызметкерлер жаппай жұмыстан босатылса, жұмысынан айырылған адамдарды қорғауға кәсіподақ ұйымы келіп, мәселені шешуге заң мен жергілікті билікті тартады.

Сонымен қатар, Еңбек кодексі ережелерінің шамамен 80 пайызы шарттық реттеуді қамтиды. Бұл функцияны кәсіподақ ұйымдары ұжымдық шарт жасасу арқылы өз мойнына алады және бұл оның қазіргі жағдайдағы рөлін едәуір арттырады. Бүгінде кәсіподақ ұйымдары бар жерде меншіктің барлық түріндегі кәсіпорынның қызметкерлері әлеуметтік тұрғыда қорғалған және ең көп әлеуметтік игілікке ие. Бірақ, әрине, барлық елдімекенде мұндай емес, кейбір кәсіпорындарда қызметкерлер әлі де жұмыс берушінің озбырлығынан зардап шегеді.

Бұған қоса, бүгінде кәсіпорындарда, өнеркәсіп салаларында және экономиканың басқа да салаларында жұмысшылардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға байланысты экономикалық мәселелерді шешеді. Ол еңбек ұжымының ұжымдық-шарттық процеске өкілдері ретінде кәсіподақтардың қатысуы барысында жүзеге асырылады. Кәсіподақтар экономикалық процестен басқа, жұмысшыларға ұжымдық-шарттық процеске қатысуға, олардың өмір сүру сапасын анықтайтын талаптарды қоюға және қорғауға мүмкіндік беріп, еңбек процесін демократияландыру функциясын орындайды.

Кәсіподақтар қуатты және жасампаз әлеуметтік институт болып, қоғамдық келісімді қолдауға, өркениетті еңбек қатынастарын тиімді дамытуға елеулі үлес қосып отыр, кәсіподақтар, мемлекет және жұмыс берушілер арасында әріптестік қатынастарды белсенді түрде құрып жатыр.

Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Осылай халық еңбекқор әрі білікті маман болуға насихатталмақ. Егер жұмысшы күштің кәсібилігі артса, олардың бұл еңбегі қажетті деңгейді бағалануы тиіс. Кәсіподақ ұйымдарының да мақсаты осы. Жұмысшы мамандықтар жылына аса ден қойылып отырған кезде кәсіподақ ұйымдарының да қоғамдағы ықпалы артып, одан әрі дами береді.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар