Silk Road Electronics 2026 жылғы жаңа үлгідегі техникаларын таныстырды

Dalanews 04 қар. 2025 17:10

Silk Road Electronics өндірісті ұлғайтып, 2026 жылғы жаңа техника үлгілерін шығаруды бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстандағы тұрмыстық техниканың ең ірі өндірушісі – Silk Road Electronics зауыты 2025 жылдың он айының қорытындысын жариялады. Осы кезеңде кәсіпорын 225,3 мың дана тұрмыстық техника шығарды. Тек қазан айының өзінде 44,4 мың дана өнімөндіріліп, жергілікті өндіріс моделінің тұрақты өсімі мен тиімділігін көрсетті.

Кәсіпорын 2023 жылдың соңында бұрынғы Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдар зауыты комбинатының бір цехының базасында пайдалануға берілді. Кең ауқымды жаңғыртудан кейін мұнда сапа, энергия тиімділігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи толық циклді өнеркәсіптік кешен құрылды.

Зауыт Panasonic, Gema, Guvencelik, Glorystar, Haitian және басқа да жетекші әлемдік өндірушілердің жабдықтарымен қамтылған.
Бүгінде кәсіпорын теледидарлар, кір жуғыш машиналар, су жылытқыштар, ас пештерімен сорғыштар, шаңсорғыштар және шағын пештерді қамтитын жеті санаттағы тұрмыстық техниканы шығарады. Негізгі өнімдер Artel, Shivaki, Royal және өзге де серіктестік брендтермен ұсынылған.

Халықаралық брендтермен ынтымақтастық – компанияның маңызды бағытының бірі. 2025 жылы Samsungмаркасымен 26 мың теледидар мен кір жуғыш машина өндірілді, олардың кейбір үлгілерінде жасанды интеллект пен қазақ тіліндегі интерфейс бар. Қазірдің өзінде Samsung теледидарларының 2026 жылғы үлгілері мен Artel брендімен шығарылатын жаңа 90 сериялы ас пештерінің өндірісі басталды. Бұл өнімдер заманауи дизайнымен, энергия тиімділігімен және кеңейтілген функцияларымен ерекшеленеді.

Silk Road Electronics өнімдері Қазақстанның барлық ірі бөлшек сауда желілерінде – Эврика, Technodom Operator, Мечта Маркет, Lider, Sulpak, Белая Техника, ТехноGRAD, Alser және басқа дүкендерде ұсынылған. Сонымен қатар кәсіпорын экспорттық бағытты белсенді дамытып, ТМД елдеріне жеткізілім көлемін ұлғайтып келеді. 2025 жылдың соңына дейін компания өндіріс көлемін арттырып, 2026 жылғы үлгідегі смарт-теледидарлар мен кір жуғыш машиналардың жаңа сериясын шығаруды жоспарлап отыр.

Silk Road Electronics индустрияландыру мен импортты алмастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға елеулі үлес қосуда: жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті жеткізу тізбектерін дамытып, елдің тұрмыстық техника импортына тәуелділігін азайтуда.

Қарағанды облысының Саран қаласында заманауи кәсіпорынның құрылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі қозғаушы күшіне айналды. Silk Road Electronics және өзге де индустриялық жобалардың іске қосылуының арқасында қала Орталық Қазақстанның жаңа өнеркәсіп орталығына айналып, жаңа буын инженерлік мектебі мен өндірістік инфрақұрылым дамып келеді.

Silk Road Electronics тек тұрмыстық техника шығарып қана қоймай, халықаралық стандарттар мен инновациялық технологияларды және қазақстандық инженерлік әлеуетті біріктіре отырып, ұлттық өндірістің жаңа мәдениетін қалыптастыруда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар