Зайсан ауданында 600 тонна шөп өртенді

Dalanews 12 қаз. 2024 08:36 338

Зайсан ауданы Мұқашы ауылында жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бумада жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды  Dalanews.kz ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, оқшауланды.

- Өрт сөндірушілердің күшімен көрші құрылыстар мен шаруашылықтарға өрттің таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар