Freedom Inside '26

"Ресми түрде ажырастым және бақыттымын": Экс-президенттің кенже қызы мәлімдеме жасады

"Ресми түрде ажырастым және бақыттымын": Экс-президенттің кенже қызы мәлімдеме жасады
Dalanews.kz коллажы

Лола Каримова-Тилляева кәсіпкер Тимур Тилляевпен ажырасқанын Instagram парақшасында хабарлады. Ол лифт ішінде гүл ұстап тұрған суретін жариялап, өмірінің жаңа кезеңі басталғанын жазды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Өзіме гүл сатып алып жүрмін. Өзімді таңдаймын. Мен ресми түрде ажырастым. Және бақыттымын. Енді өсуге, еркіндікке және шын мәнінде өзіме тиесілі өмірге қарай қадам басып келемін", – деп жазды Каримова-Тилляева.

Лола мен Тимур 27 жылдан астам уақыт некеде болған. Осы жылдар ішінде ерлі-зайыптылардың үш баласы дүниеге келген: Мариам, Сафия және Умар. Ажырасу себептері мен басқа да мән-жайды бұрынғы ерлі-зайыптылар ашып айтқан жоқ.

Лола Каримова-Тилляева 1978 жылы Ташкентте дүниеге келген. Ол халықаралық құқық және психология саласында білім алған. Кейін дипломат болып жұмыс істеп, Өзбекстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі болған.

Каримова-Тилляеваның қоғамдық қызметінің елеулі бөлігі балаларға көмек көрсетумен байланысты болды. 2002 жылы ол жұбайымен бірге жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсететін «Сен жалғыз емессің» қорын құрды. Кейін балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының жұмысына қатысып, The Harmonist парфюмериялық брендін іске қосты.