Freedom Inside '26

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 26 маусымда өтеді

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 26 маусымда өтеді
Akorda.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өкімге сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10:00-де Астанада өтеді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойған өкім мәтінінде.

Бірлескен отырыста депутаттар бірқатар маңызды мәселелерді қарауы мүмкін. Күн тәртібі кейінірек нақтыланады.

Еске салайық, Парламент палаталарының бірлескен отырыстары әдетте Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарау, заң жобаларын талқылау және сессияның қорытындыларын шығару үшін өткізіледі.