Түркістан облысында атыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл жайт 2 қарашада түнгі уақытта Түлкібас ауданында болған.
"Салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел тергеу тобы дереу шыққан. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілер анықталған.
Олардың бірі қамауға алынды. "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.
                        
                            