Мөлдір Мұқановаға айыппұл салынды

Сағыныш Сардарова 04 қар. 2025 16:52

Продюсер Мөлдір Мұқановаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2025 жылы лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың тізімін жариялады. Тізімде Мөлдір Мұқанованың да есімі бар.

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6-бөлімі бойынша жауапқа тартылған. Ал салынған айыппұл көлемі - 150 АЕК, 589 800 теңге.

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті мәліметіне сүйенсек, жалпы жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойнын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеген. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар