«Қазақстан биыл жаңа шетелдік нарықтарға — Бельгия, Португалия, Польша, Норвегия, Ұлыбритания, Вьетнам, БАӘ және Солтүстік Африка елдеріне астық жеткізуді бастағанын» ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.
Министрдің сөзінше, өндірілген астық көлемі елдің ішкі сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен бірге экспорттық әлеует сақталады.
Айдарбек Сапаров атап өткендей, өткен маусымдағы астық экспорты 13,4 млн тоннаны құрады, бұл алдыңғы маркетингтік жылмен салыстырғанда 47%-ға көп. Мұндай өсімге көліктік субсидиялардың әсері болды.
«Біз экспорт деңгейін сақтау жоспарын жүзеге асырудамыз, сондықтан бұл шараның мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылғанын» ведомство басшысы атап өтті.
Сонымен бірге, жаңа бағыттардан басқа, Қазақстан Иран, Әзірбайжан, Армения және Грузияға астық жеткізуді қайта бастағанын айтты.
«Біздің астыққа сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр, жаңа өнімнен бастап шамамен 2,2 млн тонна экспортталған, бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға көп», — деп хабарлады Сапаров.
Мемлекет басшысының жоғары қосылған құнға ие өнімдерді экспорттауды ынталандыру жөніндегі тапсырмасы аясында елде астықты терең өңдеуге бағытталған бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар нарықтан қосымша шамамен 2,5 млн тонна астық алуға мүмкіндік береді.
