Алматы облысында жасөспірім жүргізген көлік 12 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиға Түрген ауылында болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты туралы хабар түскеннен кейін тәртіп сақшылары жүргізушіні анықтап, оны ұстаған.
Тексеріс барысында JAC маркалы көлікті кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндегені белгілі болды. Полицейлер оны жауапкершілікке тартып, ата-анасына қатысты да екі бап бойынша әкімшілік шара қолданған.
Көлік айып тұрағына қойылды. Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Соңғы процессуалдық шешім зардап шеккен баланың медициналық қорытындысы шыққаннан кейін қабылданады.