Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация бағдарламасын кеңейтті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Енді 14 пен 17 жас 11 ай 29 күн аралығындағы қыз балалар АПВ-ге қарсы екпені ерікті түрде ала алады. Тиісті қаулыға Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойған.
Вакцинация ата-ананың немесе заңды өкілдің ақпараттандырылған келісімінен кейін мектептегі медициналық кабинеттерде немесе тіркелген емханаларда жүргізіледі.
Комитет мәліметінше, қосымша екпелер қолда бар вакцина қоры есебінен салынады.