«Росатом» халықаралық ғылыми жобасына Қазақстан да қатысады

«Росатом» халықаралық ғылыми жобасына Қазақстан да қатысады

2026 жылғы 5 мамырда «Росатом» мемлекеттік корпорациясының «Білім мұзжарғышы» VII халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасы аясында шетелдік қатысушыларға арналған конкурстық іріктеу басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Халықаралық кезеңге 14 пен 16 жас аралығындағы 22 елдің мектеп оқушылары шақырылды: Армения, Бангладеш, Беларусь, Боливия, Бразилия, Венгрия, Вьетнам, Египет, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Мьянма, Намибия, Руанда, Сербия, Танзания, Түркия, Өзбекстан, ОАР. Әр елден жеңімпаз атанған қатысушылар 2026 жылғы тамыз айында өтетін «50 жыл Жеңіс» атомдық мұзжарғыш кемесінің бортындағы Солтүстік полюске арктикалық экспедицияға қатысады. Экспедицияға қатысушылардың кейбірі өз елдерінің тарихында алғаш рет Солтүстік полюске жеткен өкілдер болады.

Шетелдік қатысушыларды конкурстық іріктеу үш кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде goarctic.energy сайтында тіркеуден өткен қатысушылар ғылыми викторинадан өтеді. Екінші кезеңде оларды «Росатомның» перспективалық шешімдері тақырыбындағы вебинарлар сериясы күтеді. Оның ішінде Арктикадағы кеме қатынасының қауіпсіз дамуына қолданылатын технологиялар да қамтылады. Бейнематериалдарды көргеннен кейін әр қатысушы алған білімін тексеріп, өтілген материал бойынша тапсырмаларды орындауы тиіс. Алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған әр елдің үздік 10 финалисі финалдық тапсырма тақырыбы бойынша өз идеяларын бейнетаныстырылым форматында ұсынады.

«Білім мұзжарғышы» жобасы халықаралық форматта үшінші рет өткізілгелі отыр. Әлемнің 23 елінен келген балалар атомдық мұзжарғыш кемемен Солтүстік полюске қызықты әрі танымдық саяхат жасайды. 10 күн бойы атомдық мұзжарғыш бортында мектеп оқушылары үздік спикерлермен, ғылымды насихаттаушылармен және блогерлермен бірге Арктиканы зерттейді. Бұл экспедиция қатысушыларға әлемнің шыңын бағындырып қана қоймай, ой-өрісін кеңейтуге, жаңа достар табуға, рекордтар орнатуға және тіпті ақ аюды кездестіруге мүмкіндік береді», – деді «Росатом Халықаралық желісі» жеке мекемесі бас директорының коммуникациялар жөніндегі орынбасары Александра Юстус.

«Білім мұзжарғышы» ғылыми-ағартушылық жобасы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылған. Жоба жаратылыстану-ғылыми пәндер мен атом саласы технологияларын дәріптеуге, талантты әрі дарынды балаларды іздеп табуға және қолдауға, олардың қабілеттерін дамытуға және кәсіби бағдар беруге бағытталған. Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен 14–16 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен орта арнаулы білім беру бағдарламаларының студенттері қатысады. Үздік қатысушылар «50 жыл Жеңіс» атомдық мұзжарғыш кемесінің бортында Солтүстік полюске ұйымдастырылатын ғылыми-ағартушылық экспедицияға жолдама алады. Алдыңғы алты маусымда арктикалық экспедицияларға әртүрлі елдерден 400-ден астам мектеп оқушысы мен студент қатысты.

Ресей-әлемдегі атомдық мұзжарғыш флоты бар жалғыз ел. Флот операторы – «Атомфлот» ФМУК («Росатом» мемлекеттік корпорациясының кәсіпорны). Бүгінгі таңда «Атомфлот» ФМУК мұзжарғыш флотының құрамында сегіз атомдық мұзжарғыш бар.

«Росатом» және оның кәсіпорындары білім беру, ғылыми-ағарту және мәдени бастамаларды қолдау мен дамытуға ерекше назар аударады. Олар сондай-ақ ресейлік жоғары оқу орындарында базалық кафедраларды құруға, стипендиялық қолдау бағдарламаларын, ірі білім беру жобаларын іске асыруға, студенттер үшін тәжірибе мен тағылымдаманы ұйымдастыруға, содан кейін оларды жұмысқа орналастыруға қатысады.