Әлеуметтік желіде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғаны туралы ақпарат қайта тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Желіде тараған хабарламада операцияны кардиохирург Юрий Пя жасағаны, ота екі жарым сағатқа созылғаны және экс-президенттің жағдайы тұрақты екені айтылған.
Аталған мәлімет бірнеше жыл бұрын интернетте тараған ескі хабарламалардың бірі екені анықталды.