Мектептерде жүзу сабақтары енгізіледі

Асель Қайратқызы 04 қар. 2025 14:45

Қазақстанда мектептердің дене шынықтыру бағдарламасына жүзу сабақтарын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкімет отырысы кезінде Дмитрий Баландин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін келтіріп, 2024 жылы әлемде 236 мыңнан астам адам суға батып кеткенін, олардың 82 мыңы 1 мен 14 жас аралығындағы балалар болғанын мәлімдеді.

«Бұл көрсеткіштер халыққа жүзудің негізгі дағдылары мен суда қауіпсіздік ережелерін үйретудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Білім министрлігімен бірлесіп, жүзу сабағы дене тәрбиесі жүйесіне енгізіліп, мектептердің дене шынықтыру бағдарламасының бөлігіне айналатын бағдарлама әзірленіп жатыр», — деді ол.

Дмитрий Баландиннің айтуы бойынша, бағдарлама 2026 жылы Алматы және Астана қалаларында пилоттық режимде іске қосылады, кейін оны кезең-кезеңімен бүкіл елге енгізу жоспарланып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар