Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің жұбайы Ермұхан Аймахан шығармашылықтағы жаңа қадамымен бөлісті. Ол өзінің жаңа әнін жарыққа шығарғанын Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады dalanews.kz.
Ермаханның айтуынша, туынды қазір барлық музыкалық платформаларда тыңдарманға қолжетімді. Жас өнер иесінің бұл жаңалығы әлеуметтік желі қолданушылары мен Димаштың жанкүйерлері тарапынан жылы қабылданды.
Оқырмандар Ермаханға шығармашылық табыс тілеп, жас жұбайларға ақ тілектерін арнады. Пікір қалдырғандар олардың жарасымды жұп екенін айтып, отбасыларына бақыт пен береке тіледі.
"Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Өте әдемі жұп! Отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз" деген пікірлер желіде жиі жазылып жатыр.
Осылайша, Ермахан Аймаханның өнер жолындағы жаңа туындысы көпшіліктің назарын аударып, тыңдарман тарапынан қолдау тапты.