Қазақстанның сыртқы қарызы 8 триллион теңгеден асты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржы министрлігінің дерегіне сәйкес, 2025 жылдың 1 қазанына қарай Қазақстанның сыртқы қарызы 8,73 трлн теңгеге немесе 15,9 млрд долларға жеткен.
Қарыз құрылымы мынадай:
- 3,66 млрд доллар – Халықаралық қайта құру және даму банкінен алынған қарыздар;
- 1,46 млрд доллар – Азия даму банкінің несиелері;
- 65,1 млн доллар – Еуропа қайта құру және даму банкінің қарыздары;
- 49,1 млн доллар – Ислам даму банкінің несиелері;
- 908,6 млн доллар – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі алдындағы берешек;
- 764,4 млн доллар – Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар.
