Павлодар облысының Жетікші ауылында күннің жылынуымен бірге жолдарды су басып, тұрғындар қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды Dala News.
Қар ерігеннен кейін кей үйлердің маңын су алып, кей жерлерде су тізеден аса көтерілген. Соның салдарынан қозғалыс қиындап, учаскелер су кедергісіне айналған.
Синоптиктер бұған дейін де бірқатар өңірде су тасқыны қаупі барын ескерткен.
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 25–27 наурыз аралығында:
– Ақмола облысында қардың күрт еруіне байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін,
– Павлодар облысында мұз әлсіреп, өзендердегі су артады,
– Солтүстік Қазақстан облысында жолдарды су басу қаупі бар.
Мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырып отыр.
