Ресей Иранға алғаш болып гуманитарлық көмек жіберді

Қаракөз Амантай 16 нау. 2026 09:24

Иран билігі Ресей мен өзге де достас мемлекеттерден гуманитарлық көмек сұрады. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, елдегі көптеген аурухана мен жедел жәрдем қызметінің ғимараттары зақымданған. Соның салдарынан жараланғандар саны күрт көбейген. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Осы жағдайға байланысты Иран билігі достас елдерден дәрі-дәрмек пен медициналық көмек жіберуді өтінген.

Владимир Путиннің тапсырмасымен Ресей Иран халқына гуманитарлық көмек жөнелтуді ұйымдастырды.

12 наурыз күні Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Иранға 13 тоннадан астам дәрі-дәрмек жіберілетінін хабарлады. Гуманитарлық жүк әскери-көлік авиациясының Ил-76 ұшағымен алдымен Әзербайжанға жеткізіліп, кейін Иран тарапына табысталады.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған еді. Бұған жауап ретінде Иран Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери базалар мен мұнай тасымалдайтын танкерлерге соққы жасап келеді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 8 наурыздағы жағдай бойынша әскери қақтығыстар басталғалы бері 1200-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove