Ресей Байқоңыр мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға қыруар қаржы төлейді

Ресей Байқоңыр мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға қыруар қаржы төлейді
ЖИ: Dalanews.kz

Ресей Байқоңыр мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 65 млрд теңгеге жуық төлейді, деп хабарлайды dalanews.kz.

2027 жылы Қазақстан Ресейден Байқоңыр ғарыш айлағы мен әскери полигондарды жалға бергені үшін шамамен 64,8 млрд теңге көлемінде төлем алуды жоспарлап отыр. Мұндай сома 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жоспарланған төлемнің басым бөлігі Байқоңыр кешеніне тиесілі. Ресей бұл нысанды пайдалану үшін Қазақстанға 55,2 млрд теңге төлеуі тиіс. Ал Қазақстан аумағындағы әскери полигондарды жалға алғаны үшін тағы 9,6 млрд теңге аудару көзделген.

Осылайша, Байқоңыр кешені мен әскери нысандарды жалға беру республикалық бюджетке түсетін тұрақты кіріс көздерінің бірі болып қала береді.