Рахат Тұрлыханов қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кетті

Көркем Алдабергенова 22 сәу. 2026 09:03

Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжал бойынша қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Себебі Алматы полициясы экс-әнші Рахат Тұрлыханов қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Тергеу 16 наурыздағы оқиғадан кейін басталған. Өнер иесінің жұбайы соққыға жығылғанын айтып арыз түсірген, алайда кейін өз сөзінен бас тартып, шағымдарын қайтарып алған. Жәбірленуші тараптан талап-арыз болмағандықтан, іс заң аясында жабылған.

Бұл Рахат Тұрлыхановтың отбасындағы алғашқы жанжал емес.

2023 жылдың қазанында іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Ал желтоқсанда жұбайына қайта қол көтергені үшін өнер иесі 10 тәулікке қамауға алынған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove