Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып, өзі полицияға жеткізілді

Көркем Алдабергенова 16 нау. 2026 12:12

Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ақпаратты Алматының полиция департаменті растады. 

Алматы қаласының Медеу ауданында болған отбасылық жанжал дерегі бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыртуға жедел барып, оқиғаға қатысушыларды мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Тексеру барысында әншінің әйелі бастапқыда өзіне физикалық күш қолданылғанын айтқан. Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз түсірген.

Қарау қорытындысы бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске салайық, Рахат Тұрлыхановтың отбасында бұған дейін де осы жайтқа ұқсас жағдай болған еді. 2024 жылы қаңтарда Алматы қалалық сотында әнші Рахат Тұрлыхановтың ісі бойынша сот отырысы жабық режимде өтті. Тұрлыханов 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған еді

Айта кетейік, бұған дейін әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс сотта қаралып жатқаны белгілі болды. Артынша әнші кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылған болатын.

Кейін Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай кейінгі жағдайға қатысты пікір білдіріп, "бәрі жақсы екенін" айтқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove