Рахат Тұрлыханов қамауға алынды

Dalanews 16 қаң. 2024 06:53 953

Алматы қалалық сотында әнші Рахат Тұрлыхановтың ісі бойынша сот отырысы жабық режимде өтті. Тұрлыханов 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Алқа осы материалды қарау барысында бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу дерегі болуына байланысты бірінші сатыдағы соттың қаулысымен келіспеді. Алматы қалалық соты алқасының қаулысымен Алматы Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы өзгерді", - деп жазылған сот хабарламасында.


Осылайша, Тұрлыхановқа тағайындалған жазалау шарасы ескертуден 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасына өзгерді. Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс сотта қаралып жатқаны белгілі болды. Артынша әнші кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылған болатын.

Кейін Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай кейінгі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бәріңізге сәлем. Бұл - Рахат Тұрлыханов және жұбайым - Алтынай. Кейінгі жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді ұйғардық. Алтынай бәрін өзі айтса, дұрыс шығар", - дейді видеода әнші. "Рахатпен арамызда бәрі жақсы. Рахат - қамқор, мейірімді күйеу, әке. Иә, барлық отбасында болатыны секілді біздің де арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізді бәрі жақсы", - дейді әншінің жұбайы видеода.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар