Расул Рысмамбетов БЖЗҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болды

Расул Рысмамбетов БЖЗҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болды
Ашық дереккөз.

Экономист әрі қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Расул Рысмамбетовтың кандидатурасын мақұлдады.

Жаңа қызметінде ол БЖЗҚ-ның аудит комитетінің, кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамында жұмыс істейді.

Расул Рысмамбетов бұған дейін қаржылық консалтинг саласында еңбек етіп, халықаралық Borrelli Walsh / Kroll компаниясының серіктесі болған.

2024 жылғы тамыздан 2026 жылғы мамырға дейін Назарбаев университетінің Ұлттық талдау орталығын басқарған.