Рамазан 2026: пітір садақа мөлшері белгіленді

Сағыныш Сардарова 11 ақп. 2026 14:37

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған пітір садақа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басқарма мәліметінше, пітір садақа мөлшері - жан басына 735 теңге.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Рамазан айының кестесі жарияланды. Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

"Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесін және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove