Қызылордада лифт ішінде пранк жасаған адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында лифт ішінде болған жанжал бейнеленген видеоны анықтаған.
Бейнежазбадан азамат танысымен бірге лифт ішінде сөзге келіп, арты төбелеске ұласқанын байқауға болады. Олардың бұл әрекеті лифтте болған басқа адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Алайда бейнежазбаның соңында жанжалға қатысушылар бұл әрекет пранк екенін айтқан.
"Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының 20 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Сот шешімімен азаматқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", - деді Қызылорда облысы ПД өкілі.