Қытай елге кіру және шығу ережелерін қатаңдатады

Қытай елге кіру және шығу ережелерін қатаңдатады
ЖИ: Dalanews.kz

Қытай билігі елге кіру және шығу тәртібіне қатысты талаптарды күшейтпек. Бұл туралы Тайваньның Taipei Times басылымы хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Басылымның мәліметінше, жаңа өзгерістер «таланттардың», технологиялардың, ақпараттың және әлеуметтік желілердегі деректердің шетелге кетуіне бақылауды күшейтуге бағытталған. Енді бұл мәселелер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Жаңа ережелерге сәйкес, кеден қызметкерлері азаматтардан сапардың мақсаты туралы сұрақтар қоюға және ұялы телефондардағы электрондық деректерді тексеруге құқық алады.

Сондай-ақ шекара арқылы өтетін адамдарға қатысты бақылау күшейтіліп, бұл шаралар тек Қытай азаматтарына ғана емес, елде жұмыс істейтін шетелдік делдалдардың қызметіне де әсер етеді.

Бұдан бөлек, Қытай билігі шетелде мемлекет мүддесіне қайшы әрекет жасады деп тапқан азаматтарға елден шығуға үш жылға дейін тыйым сала алады.