Қырым көпірінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы көпірге апаратын жолдардағы жағдай жөнінде ақпарат тарататын орталық мәлімдеді.
Мәліметте Қырым көпіріндегі көлік қозғалысы уақытша шектелгені айтылған. Көпір аумағында және тексеріс аймағында жүрген жүргізушілер мен жолаушыларға сабыр сақтап, көлік қауіпсіздігі қызметкерлерінің нұсқауын орындау ұсынылған.
Айта кетейік, жексенбіде де Қырым көпірі арқылы көлік қозғалысы тоғыз сағаттан аса уақытқа тоқтатылған болатын.
Ал Қырым мен Севастопольге жолаушылар тасымалдайтын теміржол операторы "Гранд Сервис Экспресс" компаниясының мәліметінше, сол кезде Қырым бағыты бойынша қатынайтын 11 пойыздың қозғалысы кешіккен.
Қырым көпірі - Ресейдегі ең ұзын көпір, оның ұзындығы 19 шақырымға жетеді. Көлік өтетін бөлігі 2018 жылы мамырда пайдалануға берілген. 2019 жылы желтоқсанда теміржол учаскесінің бойымен алғашқы пойыздар легі өткен еді.