Қырғызстанда «75 хат» ісі бойынша үкім шықты: Қамшыбек Ташиев кінәлі деп танылды

Қырғызстанда «75 хат» ісі бойынша үкім шықты: Қамшыбек Ташиев кінәлі деп танылды
ашық дереккөз

Бішкек қалалық соты Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Камчыбек Ташиевке қатысты «75 хат» ісі бойынша үкім шығарды. Сот отырысы жабық форматта өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, заң бойынша үкім жариялау ашық өтуі тиіс болғанымен, сот орындаушылары шешім жарияланған залға ешкімді кіргізбеген.

Іс бойынша Ташиевтен бөлек Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Курманқұл Зұлушев, экс-парламент спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы және тағы бес адам айыпталушы ретінде өткен.

Бастапқыда оларға «билікті күшпен басып алуға дайындалды» деген айып тағылған. Кейін іс қайта қаралып, айып «азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіру» бабына өзгертілген.

Сот Камчыбек Ташиев пен іс бойынша қалған айыпталушыларды кінәлі деп танып, әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда жаза екі жылдық пробациялық бақылаумен белгіленген.

Ташиевтің адвокаты Икрамидин Айтқұловтың айтуынша, қолданылған бап бойынша сотталғандардың мүлкін тәркілеу қарастырылмаған. «75 хат» ісі Қырғызстан қоғамында кең талқыланып, соңғы жылдардағы ең даулы саяси істердің бірі ретінде бағаланып келеді.