Қырғызстан президенті жол бойындағы дәмханада қарапайым қонақ ретінде көзге түсті

Қырғызстан президенті жол бойындағы дәмханада қарапайым қонақ ретінде көзге түсті
видео кадры

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұбайы Айгүлмен бірге Ыстықкөлге барар жолдағы "Апамның қаттамасы" дәмханасынан көзге түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Дәмхана қонақтарының бірі мемлекет басшысын алғашында танымай қалғанын айтты. Оның сөзінше, президент басқа келушілермен бірге қарапайым жағдайда отырған.

"Президентімізді "Апамның қаттамасы" дәмханасынан көру тосын жағдай болды. Тіпті бұл Садыр Нұрғожаұлы мен оның жұбайы екенін бірден түсінбедім", - деп жазды әйел.

Жазба авторының айтуынша, президенттің келуіне байланысты жолдар жабылмаған. Алайда күзет қызметі жанында болған.

Дәмхана қонақтарының сөзінше, олар дәмханаға өздері кіріп, шай мен қаттамаға тапсырыс берген. Ерлі-зайыпты тез түскі ас ішіп, кейін жолын жалғастырған.