Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі атанды

Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі атанды
tazabek.kg

Қырғызстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Дауыс беру БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтті. Қырғызстан бұл орын үшін Филиппинмен бәсекеге түсті.

Төрт кезеңнен тұрған сайлау қорытындысында Қырғызстан Бас Ассамблея мүшелерінің үштен екі дауысын жинап, жеңіске жетті. Соңғы дауыс беру кезеңінде ел кандидатурасын 142 мемлекет қолдаған.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде Аустрия, Зимбабве, Португалия және Тринидад және Тобаго да қызметіне кіріседі. Бұл мемлекеттер өкілеттік мерзімі 2026 жылдың соңында аяқталатын Мысыр, Дания, Пәкістан, Панама және Сомали елдерінің орнын басады.