Dala Inside телеграм арнасының хабарлауынша Әлиевке іздеу салынар күн жақын.
"Оның елге оралғысы келмейтін логикасын түсінуге болады. Назарбаев кланының жілік майы жұқарып, үзілуге шақ тұр. Әулет өкілдерінің алды тергеліп, істі болуда.
Олардың ішіп-жегенін желкесінен шығару процесі ілдебайлап болса да, ілгері жүруде. Әйтсе де, халыққа “қос Қайратты қан құстырдық...” деген аргумент аздық етуде. “Тоқаевтың Әлияға тісі батпай ма?” деген сауал актуалды болып тұр", - дейді Dala Inside.
Арнаның ақпаратына сенсек, "Қазақстанның жарты байлығын жамбасына басып жатқан Тимур Құлыбаевтың қазіргі хәлі мүшкіл. Назарбаевтың күйеубаласы Алматыдан ұзап шыға алмайды, оған елден шығуға тыйым салынған. Құлыбаев Қазақстанда қамалып қалғанына қайғырып, ойсоқты боп жүр".
“Жаңа Қазақстан осы арқылы Асқарұлының ең басты активі “Халық банкіндегі” 70 пайыз үлесінің 30 пайызын сатуға мәжбүрлеуде”, - дейді арнамыздың дереккөзі. Айта кетелік, Құлыбаев қаржы институтын “Алмэкс” холдингі арқылы басқарады.
Мұның бәрін көріп, біліп отырған Нұрәлінің жақын уақытта елге оралуы неғайбыл. Назарбаевтың сүйікті немересі өзі иелік ететін “Транстелеком” байланыс операторының осымен үшінші әлде төртінші отырысына қатысқан жоқ", - дейді Dala Inside.
Арнаның жазғанындай, Қаңтарға дейінгі Нұрәлі атасы мен анасының қалқасынан шығып, әулеттің саяси доминациясын ұзарту миссиясын өз мойнына алуға тас-түйін дайын отырған.
Мақаланың толық нұсқасы осы жерде: https://t.me/dalainside/1514
https://dalanews.kz/sadak/93761-rosatom-qazaqstandagy-tagy-bir-kenish