Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сапар аясында Мемлекет басшысының Берлинде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жүргізуі жоспарланған. Германия Үкіметінің мәліметінше, Мерцтің Тоқаевты 29 қыркүйекте Канцлер кеңсесінде қабылдауы көзделген. Кездесуде екіжақты энергетикалық және шикізат серіктестігін дамыту, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. 

Кездесулер барысында Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективалары қаралады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады. Онда Мемлекет басшысы Германияның жетекші компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының басшыларымен, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесулер өткізеді.

Президент Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.