Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталуына қатысты түсініктеме берді,деп хабарлайды Dalanews.kz "ТоболИнфо"-ға сілтеп.
Аймақ басшысының айтуынша, Гүлбарам Мұсағазина 11 ақпанда өз өтініші негізінде қызметінен босатылған.
"Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны жөнінде ақпарат тарады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар тергеу барысына араласа алмайды және қандай да бір баға беруге құқылы емес. Барлық мән-жай жан-жақты әрі объективті қаралады деп сенемін", - деді облыс әкімі.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растаған еді. Ведомство сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.
