Қостанай облысында ауыл әкімі қызметтік көлікпен мас күйде ұсталған

Көркем Алдабергенова 20 қаз. 2025 15:04

Қостанай облысында Михайлов ауылдық округінің әкімі Марина Джафарова екі бірдей құқықбұзушылық дерегі бойынша тергеу нысанасына ілікті. Ол қызметтік көлікті мас күйінде жүргізіп, мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдаланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Косметикалық кабинет әкімдікте ашылған

"Время" мәліметінше, этика кеңесінің дерегінше, Джафарова ешқандай конкурс өткізбей және ресми құжат рәсімдемей, әкімдік ғимаратында косметикалық кабинет ашуға рұқсат берген. Бұл әрекет тұрғындармен «ауызша келісім» негізінде жүзеге асқан.

Мас күйінде көлік жүргізген

Бірақ көп ұзамай шенеунік әкімдікке тиесілі автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған.
Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

Этика кеңесінің ұйғарымы

Этика кеңесі Марина Джафарованың іс-әрекетін «биліктің абыройын түсіретін қылық» деп атап, оны қызметінен босатуды ұсынды.

Қазір бұл ұсыныс тиісті тәртіптік кеңесте қаралуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар