27 қазан мен 2 қараша аралығында еліміздің мектеп оқушылары күзгі демалысқа шығады. Осы кезеңде Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Адал азамат» бағдарламасы аясында балалар түрлі мәдени, танымдық және ағартушылық іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқушыларға келесі бағыттар бойынша демалысты тиімді өткізу ұсынылады:
- "Каникулда кітап оқимыз" жобасына қатысу;
- "Буллингтен қорған" атты қауіпсіздік сабақтарына бару;
- мектеп театрлары ұйымдастырған қойылымдарды тамашалау.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бұл бағытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшеде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау, өрт және киберқауіпсіздік тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар ата-аналармен тығыз байланыс орнату да басты назарда болмақ.