Ең қарты 92-де, ең жасы 25-те. Елімізде 28 Қазақстан бар

Сағыныш Сардарова 20 қаз. 2025 16:22

Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы келтірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олар мына облыстарды тұрады:

  • Қарағанды облысында 7,
  • Ақмола облысында 6 адам,
  • Қостанай облысы мен Астанада әрқайсында 3 азаматтан,
  • Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында әрқайсында 2 адамнан,
  • Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір азаматтан.

Мәліметке сүйенсек, 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі - Қазақстан.

Ал жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар