Алматыда полиция қызметкерлері «интернеттегі таныстық» схемасы бойынша жасалған тағы бір қарақшылықты әшкереледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.Polisia.kz сілтеме жасап.
Қылмыскерлердің құрбаны танысу сайттарының бірінде қызбен танысқан ер адам болды.
Қысқа уақыт сөйлескеннен кейін олар жалға алынған пәтерде кездесуге келісті. Алайда кездесу кезінде бөлмеге үш ер адам баса- көктеп кіріп, өздерін қыздың ағалары ретінде таныстырып, оның кәмелетке толмағанын айтты. Осы сылтаумен олар жәбірленушіден ақша бопсалап, оның телефоны мен басқа да заттарын тартып алған.
Жедел іс- шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында отыр.