Тәуелсіздік жылдары ел азаматтарының жүрегінде отаншылдық сезімін оятып, береке-бірлік пен толеранттылық қағидасын сіңіруде кешенде жұмыстар қолға алынып, маңызды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асты. Бүгінде біздер сол жұмыстардың нәтижесін көріп, жемісін жеп отырмыз десек болады.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіндегі бес қағида еліміздегі ауыз-бірлікті нығайтып, жаңа саяси трендті қалыптастырғаны белгілі.
Жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінде Елбасы Қазақстанның этникалық, конфессиональді, мәдени және тілдік тұрғыдан әр алуандығы елімізді тұтастыратын басты күштердің бірі екенін атап көрсетіп, бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізгеннен кейін Қазақстан ұлтаралық келісімнің мекеніне айналып, әлем елдерінің назарын өзіне аударғаны ақиқат.
Бүгінде көптеген елдерде ұлтаралық келсімдердің сақталмауының соң қарулы қақтығыстарға ұласып жатқаны жасырын емес. Ал мұндай жағдайда жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дамытып, бірілігімізді нығайта берудің маңызы зор екенін түсінесің.
Бүгінде алай-түлей жағдайды бастан кешіп жатқан Ауғанстанда қақтығыстың астарында ұлтаралық түсінісушіліктердің жоқтығы жатқаны анық. Ауған жерінде мекендейтін этникалық топтардың бәрі бірдей Ислам дінін ұстанады. Бұл ретте олардың діни көзқарастар бойынша бір-бірімен қақытығысып жатпағанын аңғарасың. Осы тұста бар мәселе ұлатарлық келсімге келіп түрелетінін байқайсың.
Орталық Азияда орын алған осы жағдайдың өзі біздің сергек болып, осыған дейін қалыптасқан құндылықтарымызды одан әрі дамытудың маңызы зор екенін айқындай түседі.
Қазақстанда жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі қалай дамыды деген мәселеге көңіл тоқтататын болсақ, елімізде бұл бағыттағы жұмыстар төменнен жоғары қарай жүргізілгенін байқау қиын емес.
Тәуелсіздік жылдары ауыл-аудандарда этно-мәдени бірлестіктер құрылып, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің төл мәдениетін дамытуға мүмкіндік жасалынды. Өз кезгенде қазақ жерін мекендейтін ұлттар Қазақ билігі ұсынған осы мүмкіндікті жақсы түсініп, қазақ қоғамымен ықпалдасуға түсудің маңызы зор екенін түсінді. Осылайша төменнен жоғарыға қарай бағытталған жұмыс өз нәтижесін берді.
Бүгінде сол ауыл-аймақтарда құрылған шағын мәдени бірлестіктер үлкен ұйымдарға айналып, әрқайсы Қазақста халқы Ассемблеясының бір-бір уығы болуда.. Бұдан жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыру жолынды қоғамдық институттар толықтай қалыптасқанан көре аламыз.
Кез келген қоғамдық құндылықтардың өміршең болуы үшін институтционалды құрылымы қалыптасуы керек екенін байқайсың. Осы ретте Қазақстан 30 жылда осы қоғамдық институттарды құрып, еліміз үшін үлкен сын-қатерлердің алдын алғанын аңғаруға болады. Алдағы уақытта біздер осы институттармызды дамтып, нығайта түсуіміз керек.
Нұрлан ЖҰМАХАН