Қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 01 жел. 2025 07:30

Синоптиктер 1 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын түседі. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Температуралық фон бойынша еліміздің солтүстігінде ауа температурасының сәл жоғарылауы күтіледі – түнде 0–8 градус аяз, күндіз 0–5 градус жылы. Оңтүстік-шығыста күндіз температураның біртіндеп 3–11 градус жылыға дейін төмендеуі, таулы аймақтарда 0–5 градус аяз күтіледі. Елдің қалған аумақтарында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар