Қылмыстық іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев концертте жүр

Сағыныш Сардарова 11 жел. 2025 15:43

Үстінен қылмыстық іс қозғалған әнші Мұқасан Шахзадаев концертте жүр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

9 желтоқсанда Алматыда ақын Олжас Отардың "Ауырмайды жүрек" атты шығармашылық кеші өткен. Осы кеште Мұқасан Шахзадаев та жұрт назарына түскен.

Instagram-да Мұқасан Шахзадаев ән айтып тұрған сәттің видеолары тарады. Досымжан Таңатаров та әлеуметтік желідегі парақшасында Мұқасанмен бірге түскен суретін жариялаған.

Мән-жайы

Бұған дейін істің мән-жайын жазған едік. Ғалымжан Сүлейменнің айтуынша, даудың бәрі әннен шыққан. Мәселені шешу үшін ол Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда соққыға жығылған. "Полиция Мұқасанды емес, мені алып кетті" дейді. Енді "Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп, "жуан жұдырықты" әншіні жауапқа тартқысы келеді. 

Кейінірек әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Мәліметке сүйенсек, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі - "Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы арқылы денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша қозғалған. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар