Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университеті Қазақстан Теңіз академиясының ең алғашқы 16 түлегіне диплом табыстады. 4 жыл бойы білім алған кешегі студенттер енді кеме жүргізушісі, кеме механигі сияқты мамандықтарды игеріп, Қазақстанның халықаралық дәрежедегі алғашқы теңізшілері атанды.
Айта кетсек, Қазақстан теңіз академиясы Елбасының бастамасымен 2012 жылы КБТУ жанынан ашылған болатын. Бұл жобаның ашылуына мұрындық болып, демеушілік жасаған — "Шеврон" компаниясы.
Қазақстан жастары үшін тың мамандық — кеме механигі маманы дипломын алған түлектердің бірі Арайлым Бекованың айтуынша, Қазақстан қазір Каспий теңізінде түрлі жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырғандықтан, елімізде бұл мамандықтың болашағы зор.
— Бұл мамандық әйелге қол емес деп жатады. Бірақ маған өз мамандығым ұнайды. Өз саламды таптым деп сенемін. Қазір заманауи техника дамып келеді, теңіз саласында да әйел-мамандар көбейіп келеді. Бұл мамандықтың болашағы зор деп ойлаймын, дейді теңіз академиясының түлегі.