«Қазцинк» Абай облысында қаза тапқан орманшылардың отбасыларына көмек көрсетеді

Dalanews 11 мау. 2023 06:18 866

«Қазцинк» компаниясы Семей орманы резерватында болған ірі өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарына материалдық көмек жолдайды.

Осы аптада Абай облысындағы қорық орасан өртке оранғанын естеріңізге саламыз. Алдын-ала нұсқа бойынша Семей орманы Жаңа Шүлбі филиалының он төрт қызметкері (13 ер адам және бір әйел) өртті жедел сөндіру үшін өз учаскелеріне шыққан. Олармен байланыс үзілді. Іздестіру жұмыстары арқылы қаза тапқан орман шаруашылығы жұмыскерлерінің мәйіттері табылды.

«Казцинк» олардың отбасыларына бір миллион теңгеден материалдық көмек беруге шешім қабылдады.

- Абай облысындағы өрт жалпыұлттық трагедия ауқымындағы жағдай, – дейді «Қазцинктің» бас директоры Александр ХМЕЛЕВ. – Аздаған уақыт бұрын бұл өңір Шығыс Қазақстанның құрамында болды, кеншілер мен металлургтертерді жаңа облыспен ортақ жобалар байланыстырады.

Апаттың зардаптарын жоюға көмектесу – біз үшін өте маңызды міндет! Өз істерін атқаруда нағыз ерлік көрсеткен орман шаруашылығының қаза тапқан қызметкерлерін қазір бүкіл ел аза тұтуда.


Біз тірегінен айырылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсеткіміз келеді. Қазцинктіктер қаза тапқан жандардың отбасыларына шын жүректен қайғыра көңіл айтады.

Сурет Төтенше жағдай министрлігінен алынды 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар