Шорт-тректен Әлемдік тур: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Шорт-тректен Әлемдік тур: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
olympic.kz

23-25 қазан аралығында Канаданың Ванкувер қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңі өтеді. Халықаралық конькишілер одағының (ISU) мәліметінше, жарыста Қазақстан намысын 12 спортшы қорғайды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан құрамасының сапында алты ер және алты әйел спортшы өнер көрсетеді.

Әйелдер құрамасы:

  • Алина Әжғалиева
  • Анастасия Галечина
  • Зейнеп Құмарқан
  • Полина Омельчук
  • Мәлика Ермек
  • Гүлдана Жалмұхан

Ерлер құрамасы:

  • Глеб Ивченко
  • Айбек Нәсен
  • Айбек Темірхан
  • Мақсат Уәлила
  • Богдан Вехов
  • Тамирлан Жолдас

Жарысқа қатысатын спортшылардың тізімі Халықаралық конькишілер одағының ресми өтінімінде жарияланған.

Айта кетейік, шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңі де Канадада ұйымдастырылады. Бұл жолы жарысты Монреаль қаласы қабылдайды.