Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) "Қазпошта" жұмысынан заң талаптарын бұзушылықтарды анықтады. Агенттік компанияға оны 2025 жылдың 1 қазанына дейін жоюға міндеттеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Еліміздегі ең ірі қаржы сервистерінің бірі - "Қазпошта" АҚ-ның "Банктер туралы" заңның жекелеген талаптарын бұзғаны анықталды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Алайда агенттік оның егжей-тегжейін ашып айтады. Тек "Қазпоштаға" барлық бұзушылықтарды 2025 жылдың 1 қазанына дейін жоюға нұсқау берілгені белгілі", деп жазады "Бычий звоночек" Telegram арнасы.
Егер "Қазпошта" белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жоймаса, онда оған айыппұл салынуы, сол секілді жекелеген операцияларды жүргізуге шектеулер енгізу түріндегі санкциялар да қолданылуы мүмкін.
Айта кетсек, "Қазпошта" бүгінде қаржы сервистері нарығында белсенді өкілі болып табылады: компания банк карталарына қызмет көрсетеді, төлемдер мен аударымдар жүргізеді, сондай-ақ төлемдер бойынша мемлекеттік жобаларды іске асыруға қатысады. Сондықтан екінші деңгейдегі банктер секілді аталған ұйым үшін банктік заңнаманы сақтау маңызды.