Бүгін, 2025 жылы 23 қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта "Қазақтелекомның" артықшылыққа ие акциялары бұрынғы бағамына қайта оралды. Кешегі жоғалтқан 33,09% орнына, тіпті 51,6% өсім болып, бір акция құны 41 709 теңге болды, деп жазады Dalanews.kz.
Кеше биржада ұлттық оператордың артықшылыққа ие бір акциясының құны 41,1 мың теңгеден 27,5 мың теңгеге дейін бір-ақ төмендеген еді. Сарапшылардың басым бөлігі мұны техникалық қателікке балаған. Оны өз тілдерінде fat finger дейді екен. Яғни, қате тіркелген мәміле.
Ал "Қазтелекомның" өзі кешегі құлдырауды (-33,09%) спекулятивтік іс-қимылмен байланыстырады:
"Артықшылыққа ие акциялардың құлауы оның дивидендтер төлеміне, төмен өтімділікке және спекулятивтік іс-қимылға тәуелділігімен байланысты болуы мүмкін"
Яғни, компаниялар бұл қағаздардың өтімділігі төмен екенін мойындайды.
"Инвесторлар мен спекулянттар дүрбелең туғызып, артынан оны төмен бағада сатып алу үшін мақсатты түрде артықшылыққа ие акцияларды сатуы мүмкін", - дейді компаниядағылар.
Ал жағдайдың бұлай ойысуына инвсеторлар акцияны сатқан кезде оны алатындар табылмай қалып, баға құлаған. Бар-жоғы 2,2 млн теңгеге 75 бағалы қағаз сатылып, сауда-саттық аяқталғанға дейін баға 27 500 теңгеге дейін түскен.
Яғни, жеме-жемге келгенде бағаны қолдайтын сатып алушылардың жеткілікті көлемі болмай қалған.
Бұған дейін сайтымызда: "Қазақтелеком" акциялары қатты құлдырап, KASEу-шу болды. Сарапшылар не дейді?" деген мақала жарияланған.